Көкшетау қаласында жамбы ату мен теңге ілуден өткен Қазақстан чемпионатынан Түркістандық спортшылар олжалы оралды. Еліміздің талантты балуандары қатысқан бұл республикалық жарыста теңге ілуден алтын медаль иеленген түркістандық Бағлан Сəдуақас пен Батыр Бексауыт бəрінен де намысты жоғары қоятындығын жеткізді. Бұдан бөлек, аударыспақтан Қызылорда облысы əкімінің Кубогіне арналған жарыстан облыс спортшылары 7- алтын, 1-күміс, 1-қола медаль иеленіп қайтты. Ендігі мақсат, Маңғыстау облысында жалауы көтерілетін дəстүрлі «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында намысты қолдан бермеу.
️