Төрткүл дүние спортшылары Түркістанда. Рухани шахарда Халықаралық Түркістан марафон 2022 сайысы өтті. Сайыс облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен болды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 2000-ға жуық спортшы қатысты. Одан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия секілді көрші мемлекеттерден келгендер де аз емес.
Спорттық шара жас ерекшеліктеріне қарай 3,10 және 21 шақырым қашықтық бойынша өткізілді. Жеңімпаздар осы үш қашықтық бойынша анықталады. Ал жүгіру үшін спортшыларға Бекзат Саттарханов көшесінің бойы берілді. Ең қызығы әр қатысушыға берілген нөмірдің астына чиптайм қондырғысы қойылады. Ол төрешілердің жұмысын жеңілдетеді дейді.
️