25 қазан – Тәуелсіз ел тарихындағы таңдаулы күн. Он жылдан астам уақыт бойы ұмыт қалған Республика күніннің мән-маңызын сенаторлар осылай түсіндірді. Кеңес мүшелері Республика күнін қайтару зор мәнге ие дейді. Себебі осы күні қазақ елінің рухани құндылықтары, тәуелсіздікке дейінгі тартқан тауқыметі таразыға түсіп, көпшілікке насихатталатын болады.
️