Түркістан облысында республика күніне орай 1200-ден астам маңызды іс-шара өтіп жатыр

346
19.10.2022 05:05

Түркістан облысында республика күніне орай 1200-ден астам маңызды іс-шара өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев мәлім етті. Оның сөзінше, мереке күні облыс бойынша 7 430 орынға арналған 7 жаңа мектеп және спорт кешен халық игілігі үшін пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, жаңа аллеялар ашылып, тұрғын үйлер беріледі, бірқатар ауылдық округте таза ауызсу және табиғи газ іске қосылады. Сондай-ақ мерекенің мән-маңызын айшықтау бағытында салтанатты жиындар, концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым мен музейлерде экскурсия, спорттық шаралар өткізілмек.