Республика күнінің қарсаңында тағы бір Түркістандық отбасы баспаналы болды. Үйді «Үлес» қайырымдылық қоры салып берген. Бұл қайырымдылық қор осымен өңірдегі 37-отбасыға үй сыйлап отыр.
Алтынкүл Шыңғысбекова жалғызбасты ана. Бір үйде өзінің 2 перзентінен бөлек 4 жиені тұрады. Осыдан 15 жыл бұрын салған кішігірім баспаналары бүгінде құлауға шақ тұр. Тұруға жарамсыз болғалы 2 жылдың жүзі болыпты. Енді жаңа үй алмағанда, биыл жалдамалы пәтерде қыстаймыз деп жоспарлаған екен.
️