Түркістан телеарнасы жаңа реалити шоудың шымылдығын түрді. Бизнес челлендж деп аталатын бағдарламада жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Яғни, бизнес жобасы бар азаматтар іріктеліп алынады. 6 бағдарлама бойы кейіпкерлер кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатады. Олар мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, стартап жобаларға қолдау көрсетеді. Айта кетейік, бағдарламаға қатысуға 100-ге тарта жан ниет білдірген. Олардың ішінде 2 бизнес жоба таңдаулылар қатарына іліккен. Алғашқысы глютенсіз нан өнімдерін дайындайтын Гузал Тұрсынбаева. Екінші кейіпкер 16 жастағы шымкенттік Омар Сейлбеков. Ендеше, бүгін сағат 20:40-та Бизнес челлендж бағдарламасын өткізіп алмаңыз.
️