Созақ - түйелі аудан. Мұнда бүгінде өркешті жануардың саны 14 мыңнан асады. Алайда жайылымның тарлығы мен қуаңшылықтың салдарынан олардың басын көбейту тиімсіз болып отыр. Сондай-ақ түйе сүтін қайта өңдеу мәселесі де малшыларды тығырыққа тіреуде.
Созақ ауданы Сызған ауылында бүгінде 6 қожалық түйе бағумен айналысады. Солардың бірі - "Белгібай" шаруа қожалығы екі өркешті түйе санын 300-ге жеткізіп отыр. Соның 15-ін күндіз-түні сауып, Таукент қаласы мен жақын маңдағы ауылдарға өткізуде. Десек те, қожалық жайылымның тарлығы мен қуаңшылықтың зардабын шегіп отыр. Шаруалардың айтуынша, соңғы 3 жылда Теріскейде бір де бір тамшы жауын тамбаған.
ӨСКЕНБАЙ ПАЙНАЗАРОВ «БЕЛГІБАЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Қазір 15 түйе сауып жатырмыз. 3 -5 литрден береді. Жерде от жоқ, жерді де түсіріп алыңыздаршы. Жерде от болса, мына жерден шалқып тұрса, 1 түйе 10 литрге дейін береді. Күніне 100 литр өткізуге болады. 100 литр дегеніміз барлық нәрсеме жететін еді. Бензин, жемі шөбі, отын суым, көмірім бар. Балашағаның ішіп жемі бар. Киім бар, техника запчас қа жетер еді. Қазіргі жүрісіміз осы
Ескендір қарияның қолындағы ұлы. Яғни, малды бағып, қағуға көмектеседі. Әке жолын қуған ол жем-шөптің тапшылығын былтыр қатты сезіндік деп отыр. Биылғы бағаның жоғары екеніне де налиды.
ЕСКЕНДІР ПАЙНАЗАРОВ - «БЕЛГІБАЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ - Жем-шөпті сатып аламыз. Әрқайсысы мың теңгенің үсті жемнің бағасы деген жаңағы. Келісі 150 теңге. Бидай алып береміз. Малға атқа жем-шөпсіз болмайды бәрі бір. Биыл баға қымбат.Арзандап жатқан баға жоқ. Ай сайын қымбаттап жатыр бәрі үстіне қосылып жатыр. Шөпті ауылдан сатып аламыз. Одан әкеп сататындар бар. Бізде дайындайтын мүмкіндік жоқ. Әрекет жасап жатырмыз өзіміз де. Мына жерде су бар, соны қоршап егіп көрмекпіз.
Мемлекетіміз, басшыларымыз келешекте ұйымдастырып, жем-шөп мәселесін шешпесе, өте қиын. Қазір сәуірден бері ауадан бір тамған жоқ. Ауамыз құрғақ. Желді суық. Сонда да берілмей шаруашылыққа қазақпыз ғой 300-дей түйем бар, 1,5 мың майда мал, 150-дей жылқы, 150-дей сиыр бар.
Айтылған мәселелерге қарамастан Созақ ауданында түйе басы жыл санап артып келеді. Осы ретте түйе сүті мен жүнін қайта өңдейтін цехтың жоқтығы да мәселеге айналған. Егер мемлекет жақын жылдары арнайы бағдарлама әзірлеп, түйе мен жылқы басын көбейткендерге субсидия бермесе, теріскейлік шаруалар мал бағу мүлдем тиімсіз болады деп отыр.
2020 жылы Аруана деген қайта өңдеу цехын ашқанбыз. Тереториямыздың шалғайлығы есебінен ол да тоқтады. Алғашқыда өткізіп, кейін өткізетін жер таппай қалды. Сол кезде мына өндіріс орындарына да өткізсек деген ой болған. Ұсыныстармен шыққанбыз. өндіріс орындары да бізге не берді мемлекеттік сатып аулда ішінде қаралмаған деген. Өндіріс орындары да алмайды да. олар мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес тендерден ждеңген адамдар солар жеткізіп береді екен. Ет, сүт өнімдерін.
Созақтық малшылар бұл түйткілдердің алдағы уақытта шешімі табылатындығынан үмітті. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі де бұл мәселеден толық хабардар екен. Ендігісі уақыт еншісінде.
️