Түркістанда жаңа реалити жоба көрерменге жол тартпақ

369
18.10.2022 04:39

«Түркістан» телеарнасы жаңа мүмкіндікке жол ашады. Сіздің бизнес идеяңыз бар. Алайда оны іске асыруға қаржы жетпей жатса бізге хабарласыңыз... Бүгіннен бастап, көгілдір экран арқылы жаңа реалити шоудың бірінші кезеңі қалың көрерменге жол тартпақ. Телеарнадағы тың туындының өзіндік ерекшеліктері де бар.  Ендеше, кешкі 20:40 та Бизнес Челлендж реалити шоуын өткізіп алмаңыз. 

Алғашқы кейіпкер тағдырдың тауқыметіне сынбаған түркістандық ана Гузал Тұрсынбаева. Ол глютенсіз нан өнімдерін дайындайды. Бастапқыда бұл өнімді баласының сырқатына байланысты әзірлеген. Уақыт өте келе өзі секілді ата аналардың көптігін біліп, қолға алуды жөн көрген. Оған қолдау көрсетіп, бизнес жүргізудің қыр-сырларын үйрететін белгілі кәсіпкер Инара Намазбаева.

ГҮЗӘЛ ТҰРСЫНБАЕВА – ЖАС КӘСІПКЕР - Мен білемін жарты жол екенін. Сәл-сәл болса баламның жағдайының барлығы жақсы болады. мен білемін, ол адам қатарына қосылып кетеді. Өйткені менің баламның сырқаты қорқынышты емес. Аутизм емес, дцп емес ол бір жерде тұрған көкөніс емес. ол адам прост оған қолдау керек, витамин, дәрілер керек. 

Телеарна іріктеген екінші кейіпкер 16 жастағы шымкенттік Омар Сейлбеков. Мектеп оқушысы винтаж киімдерді әлеуметтік желі арқылы сатуды бастаған. Оның бизнес идеясы цифрлы әлеммен тікелей байланысты. Сондықтан оған IT саласындағы тәжірибелі кәсіпкер қолдау көрсетпек. 

ОМАР СЕЙЛБЕКОВ – ЖАС КӘСІПКЕР - Ата атанам бұл жұмысқа қарсы болды. Бұл жұмысты істемейсің деді. Бұл заттар кейілген заттар болды. Кейілген зат болған соң аталар деген сияқты өсектер шығарады. Бірақ мен өзімнің қалаған нәрсемді істегім келді. и хобби сияқты бастап кеттім. Бірінші табыстан тапқан ақшаны өзімнің жұмысма құйдым. Бұл жұмысты тек өзім бастадым. Ешкім мені қолдамады. 

Бағдарламаға қатысуға 100-ге тарта жан ниет білдірген. Алайда таңдаулылар қатарына ілініп, 2 бизнес жобаның бағы жанды.  6 бағдарлама бойы кейіпкерлер кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатады. Олар мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, стартап жобаларға қолдау көрсетеді.