Маман жетіспей жатқан 4 облысқа баратын мұғалімдерге 790 мың теңгеге дейін жалақы төленеді. Бұған Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп уәде еткен еді. Ал Түркістан облысы мұғалім тапшылығы бар өңірлер қатарында.
Осыған дейін респубилкалық бағдарламаның 2-кезеңінде 285 мұғалім Түркістан облысында еңбек етуге ниет білдірген. Солардың бірі Ердәуіт Тәжібай. Ол оралдағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Жас маман жоғарғы оқуын аяқтай салысымен мұғалімдік қызметіне кірісіп кетіпті.Ол 2 жылдай математика пәнінің ұстазы болған. Осы бағдарламаның тиімділігінен хабардар болған соң, құжат тапсырып бағымды сынап көруге бел будым дейді.
Тәуекел етіп Түркістанға аттанған Ердәуіт бүгінде ол өз ісінің маманы, оқушыларының сүйікті ұстазы. Ал, Ердәуіттен басқа 25 мұғалім арнайы тестілеуден өтіп, бүгінде олардың 15-і облыстың түрлі білім ошақтарына жұмысқа орналасқан. Қалған 11 үміткер ауа райының қолайсыздығы мен мұндағы жағдайға көңілі толмағандығы үшін өз өтініштерін кері алған көрінеді.
Бүгінде өңірде 44 ұстаздың орны бос тұр екен. Әсіресе, орыс тілді мектептеріне сабақ беретін мұғалімдерге сұраныс жоғары.Еске сала кетейік,жақында республикалық үздік педагогтерді тарту бағдарламасының 3-кезеңі аяқталды.Оның қортындысы бойынша 30 мұғалім өз қызметтерін Түркістан облысында жалғастыруға ниетті.
️