Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл дата қазақ ұлтының тағдыры үшiн жауапкершiлiк арқалайды дейді қоғам қайраткерлері. Ел егемендігі туралы декларация осыдан 32 жыл бұрын Жоғары Кеңес шешімімен қабылданған. Бірақ, мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енді. Содан ресми түрде 8 жыл ғана мерекеленді. 2009 жылы Қазақстан бұл күнді мерекелеуден бас тартты. Ал, Президент Қасым Жомарт Тоқаев биыл сол күнді қайта атауды және оған ұлттық мәртебе беруді ұсынды. Зиялы қауым азаттыққа қол жеткізген бұл күн басқа мерекелерден айрықша екенін айтады.
️