Шардарада балық аулаудан сайыс өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған жарысқа ауданның тұрғындары қатысты. Жарыс аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен болды. Сайысқа аудандағы қала мен ауылдардан бас-аяғы 11 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсат аудан жастарын балық шаруашылығына қызықтыру. Сайыста әр командада 3 адам, 4 қармақпен сынға түсті.
Сайыс соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы үздік шыққан үштікке арнайы мақтау қағаздары хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Бірінші орынды Қоссейіт ауылы, Қармақшы командасы иеленді. Ал екінші орынды Сазан командасы жеңіп алса, үшінші орынды Алатау командасы еншіледі.
️