Түркістан облысы Ордабасы ауданында денсаулық сақтауға арналған арнайы орындар қатары тағы бір мекемемен толықты. Шұбарсу ауыл округінде Аяла медициналық орталығы ашылды. Кешеннің 15 мың адамға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар. Сондай-ақ орталық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Толығырақ тілші бейнематериялында.
Шұбарсу ауыл округінде Аяла медициналық орталығы ашылды. Жұрттың сөзінше бұған дейін ауылда емхана болмаған көрінеді. Сондықтан тұрғындар ем іздеп қалаға сабылатын едік дейді. Ал кәсіпкер халықтың сұранысы бойынша осы орталықты ашқанын айтады.
СӘКЕН ОРАЗБАЕВ - КӘСІПКЕР - Қазіргі таңда Шұбарсу 2 ауылында медициналық орталық болмаған соң осы орталықты ашып отырмыз. Халықтың жағдайын жақсартуға тырысамыз. Біздің ғимаратта 26 кабинет бар. Ол жерде узи апаратымыз бар, рентген апаратымыз бар, стаматологиямыз бар, хирургиямыз бар. Алдағы уақытта хаыққа жұмыс істей береміз деген ойдамыз.
Айта кетейік жаңа орталық озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда емделуге келген азаматтарға да қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ білікті қызметкерлер саныда жеткілікті дейді орталықтың бас дәрігері.
АЯЖАН СЕРЖАНҚЫЗЫ - БАС ДӘРІГЕР - Шұбарсу 2 ауыл округінде ешқандай емхана жоқ болғандықтан біздің құрылтайшымыз 10-15 мың халыққа арналған аяла медициналық мекемесін салып беріп отыр. Аяла медицининалық орталығы барлық заманауи құралдармен жабдықталған. Қазір 25 қызметкеріміз бар.
Осылайша ауданда науқастарды оңалту барысы - аймақта бір жола шешімін таба бастады. Ал орталықтың негізгі басым бағыты сапалы кешенді оңалтуға деген қолжетімділікті арттыру дейді мамандар.
️