Отырарда жас ақындар мектебінің негізін салушы Жұмагүл Нәлібаева биыл 60 жасқа толды

692
18.10.2022 03:55

Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз.  Отырарда жас  ақындар мектебінің негізін салушы Жұмагүл Нәлібаева  биыл 60 жасқа толды. Ақын құрметіне арналып  Отырар  ауданында шара өтті.

Ақынның кеші жыр думансыз өтсін бе? Жыр кеші Жас ақын айтыстың аққуы, Жұмакүл апайдың сырласы Әселхан Қалыбекованың немересі Ахметрасул Баянбайдың жыр шашуымен басталды. 

«Шәкіртсіз ұстаз–тұл». Жұмагүл Нәлібаева 40 жылдық  еңбек өтілінде жүздеген талантты шәкірттерді тәрбиелеген. Бүгінде айтыскер Маржан Есжанова, театр әртісі Наятулла Бөрібаев, радио-жүргізуші Серік Сейітман, «Алдараспан» театрының әртісі Нартай Сүлеймен секілді шәкірттері республикаға белгілі. Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл қызмет қылсаң да артық емес. Осылай деген оқушылары   ауданнан, облыстан, Алматы және Астана қалаларынан келіп мерейтойға қатысты. Жүрекжарды лебізін білдіріп, өлеңдерін оқыды.

Аудандық газетте ақын мақалалары жиі жарияланып тұрады. «Тәжіндей едім мың гүлдің», «Үлестіріп жүрек жылуын», «Көк дәптердегі сыр»  ой-толғаулары оқырмандардың қызығушылығын тудырды. «Тәңір сыйы» атты кітабы жарыққа шықты. Жыр кешіне ақынның өнердегі замандастары мен қаламдастары, жалпы жыр сүйер халық қатысып, рухани сөз өнерімен сусындады. ал, айтыскер  Дәурен Ақсақалов пен Дәурен Полатбаевтар қалжыңға толы  толы әдемі айтыс көрсетті. Сөйтіп, қалың көрерменнің ризашылығына бөленді.