Күз мезгілінің қазан айында Кентау қаласында алма талы гүлдеді. Табиғаттың тосын сыйына куәгер болған қала тұрғындары аң-таң. Кентау қаласында жалпы мұндай құбылыс бұрын соңды болмаған дейді олар. Айта кетсем, алма ағашы қаладағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Бұл жеміс ағашын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еріктілер отырғызған екен.
️