Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауына дайындық

255
18.10.2022 03:44

Түркістанда «VOICE OF TURAN» халықаралық ән байқауы өтеді.  Еуропа мен Азия елдерінен келген 15 өнерпаз қазақ тілінде ән айтып жарысады.  Байқауға қатысушы үміткерлер бірінші кезеңде қазақ композиторларының, екінші кезеңде елімізге танымал эстрада жұлдыздарымен бірге қазақ әндерін шырқайтын болады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен Түркістанға келген үміткерлер алғашқы дайындық жұмысын бастап кетті. Бұл конкурс елімізде үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін онлайн форматта өткен екен. 

Ал Татьяна пәленшева Грузиядан осы байқау үшін арнайы келген. Осыған дейін  ол «Қазақстан дауысында» бақ сынап, финалға дейін барыпты.  Алайда, жеңіс бұйырмаған. Осы жолы үздіктердің көшін бастайтына сенімді.

Конкурс 19-20 қазан күндері Конгресс Холл кешенінде өтеді. Байқаудың мақсаты - қазақ музыкасы мен қазақстандық композиторлардың үздік шығармаларын әлемге таныту.  Әрі Түркістанның туристік әлеуетін арттыру дейді ұйымдастарушылар.