Панкратион спортынан Түркістан облысының ашық кубогы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған жарысқа барша облыстардан командалар қатысты. 10 жасар баладан бастап, ардагерлерге дейін қатысатын спорттың бұл түрі Қазақстанда жақсы дамып келе жатыр. Облыстық ашық кубокта Шардара ауданының намысын қорғаған спортшылар 16 алтынды еншілеп, командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Айта кетейік, додада жеңіске жеткен бірінші және екінші орын иегерлері республикалық кубокқа қатысады. Одан да үздік нәтиже көрсетсе, спортшылар әлемдік сайыста да бақ сынай алады.
️