Түркістан облысында алма ағашы қайта гүлдеді

331
17.10.2022 09:46

Түркістан облысында алма ағашы қайта гүлдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кентау қаласында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектептің ауласындағы алма ағашы қайта гүлдеді.

Табиғаттың тамаша құбылысын Тұрар Омаров есімді әлеуметтік желі қолданушысы видеоға түсіріп алған.

Кейін желіге жүктеген ол күн райының жылы екендігін айтады.

Ал, желі қолданушылары таңқалып түрлі пікір жазып жатыр.