ТМД елдері саммиті: басқосуда қандай келісімдер жасалды

304
17.10.2022 05:32

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтіп жатыр.  Маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары келеді. Басқосуда достастық алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттар қаралады. Оның ішінде 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықтың кезекті бағдарламасын бекітеді. Сондай-ақ, Қазақстанның бастамасымен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдеме қабылдау мен бірқатар халықаралық шарттарға қол қойылмақ.