Анкарадағы жалғыз қазақ рестораны

679
17.10.2022 04:32

Анкарада – қазақ дәмханасы ашылды. Түркияға 30 жыл бұрын қоныс аударған қандасымыз ұлттық үлгіде безендірілген дәмхана бүгінде Түркиядағы қазақтардың басқосатын орнына айналған. 

Зейнеш  Исмаилді сан саланың маманы десек артық айтқанымыз емес. Мәселен, қазақ тілді шығармаларды түрік тіліне аударуға ықпалы тиген. Жамбыл Жабаевтың айтысы мен шығармаларын Абай жолын, түрікше сөйлеткен. Одан өзге, 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы. 

ЗЕЙНЕШ ИСМАИЛ - АНКАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - 10 мың қазақтың мақал-мәтелін түрікше түсіндірмелі мақал-мәтел шығардым. Сонымен қатар 100 ден астам ғылыми мақала. Бұның ішінде қазақтың мәденеитін, қазақтың дәстүрін, ғұрып әдетін таныстыру жөнінде. Біздің мақсатымыз шет елде жүрсек те сыртта жүрсекте қазақтың мәдениетін, дәстүрін насихаттау, түсіндіру жан-жақты. 

Ал отанасы Сәуле Исмаил Қытай елінде радионың қазақша сөйлеуіне ықпал еткен бірден бір жан. Отбасы жағдайына байланысты Түркияға қоныс аударған соң бұл өңірдің де радио саласында өзіндік ізін қалдырған. «Түркия үні» деп ресми атауында берген. 

СӘУЛЕ ИСМАИЛ – АНКАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Интернеттен біздің сайтымызды көре алады, тыңдай алады. Күнде жарты сағат тікелей эфиріміз бар. Қазақстан Астана бағыты уақыты бойынша кешкі 7 жарымда бізді тыңдай алады. Қалған 24 сағат бойынша бізді интернет арқылы тыңдай аламыхздар, көре аласыздар. Күнделікті эфирімізді сайтымызға шығарып отырамыз. 

Ал бұл Анкарадағы жалғыз қазақ рестораны. Есікке енбей жатып, көретініңіз ұлттық нақыштағы киім мен ою-өрнекпен көмкерілген бұйымдар. Қабырғаға ілінген суреттің өзінде жазиралы жайлау мен киіз үй. Осындай әдемі көріністен ақ қазақтың дәмханасы екенін бірден білесіз. Отау деп аталатын бұл орынға отанынан жыраққа кеткен өз асымызды аңсаған қазақтар жиі келеді екен. 

РАЙХАН БАТЫРБЕКҚЫЗЫ – ТУРИСТ - Тамағы дәмді. Кеспе көже дейміз ғой біз қазақша. Сүтпен шәйі. Сүтпен шәйіне өте рақмет. Стамбулда сүтпен шәй таба алмаймыз ғой. Жобамен 1 шәйнек шәй ішіп қойдым. 

Осылайша, отандастарымыз  өзге өңірде кәсіптерін ашып, нәсібін ұлғайтып отыр. Қазақстаннан кеттім болды деп емес, керісінше жырақта жүрсе де қазақ елі әрдайым жүректерінде.  Мұны дастарханынан үзілмейтін ас мәзірінен ақ аңғаруға болады. Түрлі тақырыптар жөнінде қалам тербеп жүрген жандар негізгі басымдық қазақтың мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрпында дейді.