Түркістанда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтті

300
17.10.2022 04:25

Түркістанда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтті. Игі іс қалалық білім бөлімі мен "125 High School" мектебінің ұйымдастырумен болған. Жиында Түркістандық 33 мектептің 70-ке жуық мұғалімі өзара тәжірбие алмасып, білім берудің жаңа әдіс тәсілдерімен бөлісті.

"125 High School" білім беру орталықтары елімізің 9 қаласында жұмыс істейді. Онда 10-11 сынып оқушыларын шетелдік  және Қазақстандық  жоғарғы оқу орындарына түсіруге дайындайды.Аталған білім ұясының өзге өңірдегі білікті ұстаздары жиналып арнайы топ құрыпты. Осылайша, олар әр қаланы аралап, әріптестеріне жаңа бағыттағы оқыту әдістерін айтып, тың идеяларымен бөліспек.

Бүгінгі семинар 4 бағыт бойынша өтті. Атап айтсақ, жиында физика,математика,химия және биология пәнінің ұстаздары бас қосты. Мәселен, Арайлым Қарабалаева 10 жылдық тәжірбиесі бар физика пәнінің мұғалімі. Ол осы семинарға шақырту алғанда қатты қуанғанын айтады. Енді ұстаз үйренген ерекеше оқыту әдістерін пайдалана отырып шәкірттерін білім нәрімен сусындатуға асық.

Еске сала кетсек, "125 High School" -ға тиесілі еліміздің 9 қаласында 16 мектеп бар. Биыл аталған білім ошағының тағы бір жаңа ғимараты Түркістанда бой көтерді. Бүгінде 300 оқушыға арналған мектеп ,алғашқы оқу жылын бастап кетті.