Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі жаңашылдықтар

207
17.10.2022 04:12

Түркістандық мектеп оқушылары сабақ барысында түрлі ғылыми тәжірибе жүргізе алады. Ол үшін Германия, Франция, АҚШ-тан арнайы лабораториялық құрылғылар әкелінген. Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде  өсімдіктер мен гүлдер өсіруге арналған экожүйе қарастырлыған. Тіпті, білім алушылардың деректі фильм түсіріп, телешоулар ұйымдастыру мүмкіндігі бар екен. Толығырақ тілші тарқатсын.  

Назарбаев мектебіндегі цифрлық зертханада 55-ке тарта  жобалық-зерттеу жүргізуге болады. Бұл - жоғарғы сыныптардың тәжірибелік жұмысын  ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Арнайы құрылған экожүйеде 1000-нан аса гүл өсіп тұр.  Бұл оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға қызығушылығын арттырады. Мұнда балық пен өсімдікті бір жүйеде өсіру әдісі қолданылады. Осы технологияның арқасында, балықтар үшін таза су алынса, ал өсімдіктер үшін органикалық қалдықтар жинауға мол мүмкіндік бар.

Оқу ордасында  қазақ тіліне, әдебиеті мен өнеріне ерекше көңіл бөлінген. Жас зияткерлер қазақ жазушылары мен ақындарының, алаш қайраткерлерінің таспадағы шынайы даусын тыңдап, қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді тамашалай алады.

Сондай-ақ, мұнда  телерадио студия, хореография залы, қыш құмыра сыныбы, жатақхана, нанотехнология мен биотехнология сыныбы, тынығу бөлмесі бар. Айта кетейік, Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2021 жылдың 26 қарашасында ашылған болатын. Қазіргі таңда онда 410 оқушы білім алады.