Түркістанда ірі жол көлік апаты болды

487
14.10.2022 05:12

Түркістанда  ірі жол апаты болды. Газель автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, 1 адам көз жұмды. Тағы алты кісі жарақат алды. Қайғылы оқиға таңғы сағат сегіз шамасында Самара-Шымкент тас жолында болған. Толығырақ оқиға орнында болған әріптесім тарқатсын.

Белгілі болғандай, автобуста жұмысқа бет алған әуе жай қызметкерлері болған. Олардың бірі қатты соққыдан  оқиға орныныда көз жұмды. Марқұмның әріптестерінің айтуынша, ер адам 2-3 күн бұрын ғана отау құрған екен. Ал, 6 адам түрлі дене жарақатымен орталық ауруханаға түсті. 

Газел көлігінде көкөністер мен жеміс-жидек тиелген. Жүргізуші Шымкенттен Қызылордаға бағыт алған екен. 

Оқиға орнында болғандардың айтуынша газел көлігін тізгіндеген жүргізуші ұйықтап кеткен деседі. Алайда, оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталу үстінде. Қазір қарсы бағытқа шығып кеткен «Газель» көлігінің жүргізушісі қамауға алынған.