Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде ұсынылған 3 үміткерді тіркеуден тас тартты. Барлығы Конституциялық және «Сайлау туралы» заңымен президенттікке үміткерлікке қойылатын талаптарға сәйкес келмеген. Мәселен Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалилов президенттікке қойылатын талапқа сай болмай шықты. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Қазақстан азаматы емес және соңғы 24 жылда Қазақстанда тұрмаған. Ал «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғаларының бірлестігінен ұсынылған Талғат Ерғалиевтің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі жеткіліксіз екені анықталды. Сонымен бірге, «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынылған, ең соңғы болып құжат тапсырған Фатима Бизақованың кандидатурасы да талапқа сай болмай шықты. Оның да мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.
️