Биыл Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университетіне 85 жыл. Мерейлі жиын ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарлануда. Жоғарғы Оқу Орны басшылары шараны Республикалық деңгейде атап өтпек. 1937 жылы құрылған педогогикалық бағыттағы білім беретін жоғарғы оқу орнында бүгінде 8000ға жуық студент білім алуда. Тарихы жағынан қара шаңырақ болып аталатын оқу ордасынан Мұхтар Шаханов, Дербісәлі Әбдісаттарқажы секілді ел ағалары шыққан. Сондай-ақ университет басшылығы мерейлі тойға елімізге еңбегі сіңген, көзі тірі университет түлектерін шақыруда.
ҒАЛЫМЖАН БИТҰРСЫН - ОҚМПУ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МАНСАП ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ - Өткізілетін мерей той аясында тарихи үлкен кітап шығарайын деп жатқан жайымыз бар Алла қаласа. Оның ішіне университетіміздің 85 жылдық тарихы кіреді. Соны басқарған кісілер және ұлағатты ұстаздар. Университет немен мақтанады? Түлекпен мақтанады ғой. Кез-келген оқу-ордасы өзінің түлегімен мақтанад. Сондықтан біздің де мақтана алатындай ел азаматы атанған осындай үлкен-үлкен алып азаматтарымыз бар.
ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ - ОҚМПУ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ - Алдағы келе жатқан мерекелік мынау тойымызға осы барлық түлектерімізді, аға-апаларымызды, замандастарымызды, қарындас әріпкелеріміздің барлығын қара-шаңырақтың мерейтойына шақыра отырып, осы Түркістан өңіріне келгендегі іссапарымызда біз бүкіл Түркістан жұртшылығын Оңтүстік өңірін, осы ЖОО-ның мерей тойымен тағы да бір құттықтап, қуанышымыз ортақ болсын.
️