Жол ережесін өрескел бұзған 22 жүргізуші анықталып, 1 миллионнан астам айыппұл салынды

167
13.10.2022 04:48

Түркістан облысындағы Сарыағаш-Жібек жолы тас жолы бойында дронның көмегімен жол ережесін өрескел бұзғандар анықталды. Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысының назарына қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер ілінген. Полицейлердің айтуынша, 1 тәулік ішінде құрылғы арқылы дәл осындай 22 жүргізуші анықталып, 1 млн-нан астам айыппұл салынған.  Облыста жол апаттарының алдын алуда біршама рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылуда. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігі ескертілді. Бұл рейдтік-профилактикалық шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.