«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан». Киелі Отырар ауданындағы Сапар орталығында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрме осылай аталады. Көрме экспозициясынан ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән үш тағанды қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен алтын жүзігі, түпнұсқа қыш ыдыстарыды көруге болады.
Қазақ батырларының негізгі ұрыс түрін жандандырып, көпшілікке ұсынып жүрген тарих жанышырларының бірі. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері соңғы кездері қылыштасу өнері халық дәстүрінен ғайып болғанын айтады. Сондықтан бүгінгі көрмеде көпшілікке «Сақтардың бес қару өнерін» көрсетті. Жиылған жұрт оның бұл өнеріне тәнті болды.
Мұндағы жәдігерлердің басым көпшілігі Жетісу жауһарлары мен Шығыс, Батыс, Орталық Қазақстан жерінен табылған. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім жетекшісі Жазира Құрбанәлі жиналғандарға ерте темір дәуірінен мағлұматтар берді.
Көрмедегі басты жәдігер Есіктен табылған алтын адам. Ұйымдастырушылар оның құндылығына тоқталды.Көрмені тамашалаушылардың айтуынша, бұл түп-тамырымыздың қайдан бастау алғанын және ата-бабаларымыздың рухани һәм материалдық мәдениетінің озық үлгісін көрсетеді.
Көрме 26 қазанға дейін жалғасады.Аудан тұрғындары мен қонақтары «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығына келіп,көрме залымен танысып, тамашалай алады.
️