Түркия Президентінің елімізге мемлекеттік сапары кезінде 6 құжатқа қол қойылды

331
12.10.2022 12:28

Келіссөзден кейін Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына байланысты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар президенттердің қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды :

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрілігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.