Түркістан облысында суға батып кеткен 2 шетелдік студенттің бірінің денесі табылды. 10 қазан күні Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен жерде бір адамның мәйіті табылды. Сараптама жұмыстары үшін табылған мүрде полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Екінші студентті іздестіру жұмыстары жалғасуда. Еске салсақ, осы жылдың маусым айында Үндістан Республикасының азаматтары жоғалып кеткен еді. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Сондай ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 7 құтқарушысы мен 1 жүзу құралы да іске қосылған.
Ағымдағы жылы маусым айында қазақ-түрік лицейінің студенттері тыйым салынған жерде шомылу кезінде Үндістан елінің 2 азаматы суға кеткен болатын. қазіргі таңда тоқтаусыз жұмыстарды жүргізу барысыеда Республикамыздың жедел құтқару жасағының көмегімен Ханарық елді мекенінің солтүстік беткейінде Ақсу каньонының суға шомылған 1 жарым шақырым жерден 1 мәйіт табылды. Мәйіттің аты-жөнін анықтау мақсатында полицияға тапсырылды.
️