Биыл контрабандалық жолмен келген 22 млн қорап темекі тәркіленді

213
12.10.2022 04:51

Жыл басынан бері 22,5 млн қорап темекі өнімдері тәркіленді. Нақтырақ айтсақ, осыншама өнімді ел аумағына контрабандалық жолмен әкелуге ниеттенген. Сондықтан 2022 жылдың шілде айынан бастап темекі өнімдері мен дәрілік препараттарды цифрлық таңбалау енгізілуде. Осы мақсатта бұл жобаның мамандары семинар-тренинг өткізді. Онда темекі сатушылардың 300-ге жуық өкілі болды. Енді бұдан былай цифрлық таңбалау кодынсыз темекі өнімдерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерге тауарды тәркілеп және лицензиядан айырып айыппұл салынатын болады. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін бұдан өзге тағы 16 қалада осындай танымдық шаралар өткізілуде.