Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

148
12.10.2022 04:28

Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Экономика министрі үкімет отырысында айтты. Оң өсу 15 өңір бойынша тіркелген. Ең жоғарғы көрсеткіштер Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалып отыр. Ал Ұлытау, Маңғыстау, Абай, Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында көрсеткіштер төмендеген. Сондай-ақ Әлібек Қуантыровтың айтуынша,  9 айда елімізде өндіріс көлемі 4,6 пайызға өскен. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсу қарқыны машина жасау өндірісінде 7,6%, оның ішінде автомобиль жасау – 17,8% және электр жабдықтарын жасауда – 11,5%, , химия өнеркәсібі тауарлары – 10,7% құраған.