Мамин вакцинациялауды күшейтуді тапсырды

117
16.06.2021 04:51

Эпиджағдайды бақылауда ұстау қажет. Өйткені көршілес мемлекеттерде індеттің қайта өсуі байқалған. Бүгін Үкімет отырысында осылай деген премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакцинациялауға қатысты тапсырма берді. Оның сөзінше, бүгінде 2,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,4 миллион азамат екінші компонентін алған. Осының арқасында эпидахуал біршама жақсарған. Қазір «қызыл аймақта» елорда ғана қалып отыр.