Елімізде 21,6 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,9 пайызға ұлғайып, 6,8 трлн теңгені құраған. Бүгінгі таңда дәнді дақылдарды жинау аяқталуға жақын. 10 қазандағы жағдай бойынша 15,9 млн гектар алқаптың астығы жиналып, оның 21,6 млн тоннасы бастырылған. Сондай-ақ, мал шаруашылығында ет өндіру көлемі 0,7 пайызға, сиыр сүтін өндіру көлемі 1,8 пайызға, тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 5,3 пайызға өскен.
️