Нан неге қымбаттады?

153
12.10.2022 04:09

Елде астық қажетті мөлшерде жиналды дегенімен нан бағасы 20%-ға қымбаттаған. Ал ас атасының өндіріс көлемі бір жылда 3 пайызға төмендеген. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар орталығында Ауыл шаруашылығы вице-министрі мәлімдеме жасады. Бағлан Бекбауовтың айтуынша әлеуметтік нан бағасы өзгермеген. Ал премиум санаттағы нандардың қымбаттауы тікелей шикізаттың бағасына тәуелді. EnergyProm компаниясының зерттеуінше, нан өндірісінің төрттен біріне жуық бөлігі яғни 81,7 мың тоннасы Түркістан облысына тиесілі болған. Одан кейін Алматы қаласы 36,6 мың тонна және Ақтөбе облысы тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.