Түркістан облысында 2 ауылға газ берілді

445
12.10.2022 04:00

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында екі бірдей ауылға табиғи газ берілді. Енді елдімекеннің тұрғындары қыста от жағып, көмір түсіріп шығындалмайтын болады. Сондықтан халықтың қуанышында шек жоқ. Ал аудан басшысы Нұрбек Бадырақов жылдың соңына дейін барлық елдімекендер көгілдір отынмен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.

Бөржар ауыл округіне қарасты Теспе және Ықылас Темір ауылдарының тұрғындары өркениеттің бұл игілігін ұзақ күтіпті. Көгілдір отын беріледі дегеннен бастап елдімекен тұрғындары, жаппай желі тарту үшін тиісті мекемелерге өтініш беріп жатыр. Қос ауылдың  қуанышына ортақтасуға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов  арнайы қатысты. 

Бөржар ауыл округіндегі 1227 тұрғын бар. Оның ішінде Теспе ауылының халқының саны 600 болса, Ықылас темір ауылының тұрғындар саны мыңнан асады. Жылдың соңына дейін Ордабасы ауданының барлығын табиғи газбен қамту жоспарланған дейді аудан әкімі.

Бұған дейін ағаш жарып, көмір жағып әбігерге түскен тұрғындар енді көгілдір отынның рахатын көретін болды. Қажетті жағдайды жасап беріп жатқан жергілікті билікке жұрт алғыстарын білдірді.

Айта кетсем, Ордабасы ауданында жалпы құны 12 млрд теңгеден асатын 22 елді мекенге табиғи газ жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылға 4 нысанға қаржы қаралған. Сондай-ақ 8 нысанға ақша бөлу үшін құжаттары облыстық бюджетке ұсынылған. Бұдан бөлек 14 елді мекенді газбен қамту үшін жоба дайылып жатыр екен.