Ауыл жастары арасында жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары

263
11.10.2022 06:54

Көптеген жастарымыздың кәмелет жасына толуына байланысты еңбек нарығына едәуір салмақ түсуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр Тамара Дүйсенова осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек министрі Үкімт басшысына ел халқын жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруда бірқатар қиындық бар екенін айтты. 

Әрине, белгілі бір жетістіктер бар. Дегенмен, проблемалар да жоқ емес. Көптеген жастарымыздың кәмелет жасына толуына байланысты еңбек нарығына едәуір салмақ түсуде. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастардың және ауыл жастарының арасында жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары болып отыр. Осының бәрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тәсілдерін жетілдіруді және цифрлық өнімдерді қолдану мүмкіндігін арттыруды талап етеді, – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.