Созақ ауданында ұлтық спорт мектебі салынуы керек! Ол өңірдегі осы саланың дамуына серпін береді. Ұлы дала жорығының жүлдегерлерін қабылдаған Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков солай деді. Облысымыздың даңқын асырып келген жеңімпаз спортшыларға Теріскей басшылығы тарапынан арнайы сый-сияпатқа да ие болды. Толығырақ Айдос Игіліков әңгімелейді.
Бұл спортшыларды біз айтпасақта бүкіл бұқара біледі. Марапат пен мақтау алғандар, елімізде алғаш өткен «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жүлдегерлері. 2 апта бұрын бастау алған аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырған еді.
️