Түркістанда «қоқыссыз таза табиғат» акциясы аясында сенбілік өтті. Оған бірқатар мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, белсенді жастар және еріктілер қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ акция Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда өткен. Тазалық шарасына өңір тұрғындары белсене қатысыпты.
Түркістанды рухани әрі таза қала ету. Бұл шаһардағы «қоқыссыз табиғат» тақырыбын арқау еткен сенбілік акциясына қатысқандардың ұстанымы. Шараға Жоғарғы оқу орнының студенттері қатысып, қаладағы «Жеңіс саябағы» тазаланды.
️