Кентау қаласында балалар жылының ең ауқымды спорттық жобасы «KENTAU KIDS MARATHON 2022» сайысы өтті. Республика көлемін қамтыған байрақты бәсекеде 8 бен 16 жас аралығындағы бүлдіршіндер бақ сынады. Топ ішінен үздік деп танылғандарға қаржылай сый-сияпатпен арнайы грамоталар табысталды.Толығырақ тілші тарқатсын.
Көңілді атмосфера, энергияға толы таң Кентау қаласы үшін тарихи сәт. Еліміздің түрлі өңір спортшыларын тоғыстырған додаға 2 000 ға жуық жас спортшы бақ сынады. Кентау қаласының әкімі шараның маңызын тілге тиек етіп, жобаның жастарға берері мол екендігін атап өтті.
️