«Түркілер төрі - Түркістан» кітабы екінші рет жарық көрді. Танымал жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының иегері Мархабат Байғұттың әйгілі кітабының 1000 данасы оқырмағанға жол тартты. 2 КАМЕРА Кітаптың тұсауы 2020 жылы Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттері ғалымдарының халықаралық конференциясында кесілген болатын. «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың бұл кітабын Түркі академиясы жарыққа шығарған. Биыл да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және рухани шахардың 3 жылдығы қарсаңында жаңарған нұсқада шығып отыр. Олар енді республиканың түкпір-түкпіріндегі кітапханалар мен музейлерге жеткізіледі.
️