Бибігүл Жексенбай "Тұран төрінде" хабарын Астанадан жүргізеді

213
11.10.2022 03:57

Қазақ халқының тарихында киелі Түркістанның рөлі қандай? Бұл сұрақ тарихшыларды бұрыннан мазалап келеді. Одан бөлек те, қазіргі қоғам белсенділері мен қайраткерлер мазмұнды ой мен пікір айтып жатыр. Сондай сүбелі сұхбаттың бірі Түркістан телеарнасында көрерменге жол тартпақ. Жуырда Түркістан облысының құрметті азаматы атағын алған парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Тұран төрінде бағдарламасында осы мәселелер бойынша өз ойын білдірді. 

Бірде қой үстінде бозторғай жұмыртқалап, бірде жаугершіліктен көз ашпаған, қуаныш пен қайғыға толы қазақ халқының тарихында зерттелмей, жабулы қазан күйінде қалған тарихи фактілер көп. Соның бірі Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың және киелі Түркістан қаласының мұрасы. Оның үстіне, бауырлас түркі халықтарының тағдыры. Енді көңіл бөлініп, беті ашылып жатқан тарих туралы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Парламент мәжілісінің депутаты және Түркістан облысының құрметті азаматы Сауытбек Абдрахманов айтты.