Түркістандағы барлық сауда орталықтарына бақылау-касса машиналары орнатылмақ

245
10.10.2022 08:52

Тауар сатып алған соң міндетті түрде түбіртек сұраңыз. Дүкен не сауда орны тіпті базар орталығында болса да. Бұл біріншіден тауарыңызды қайта айырбастауға мүмкіндік. Екіншіден, салықтан жалтарған кейбір кәсіпкерлерді анықтауға болады. Осы мақсатта, өңірлік салық басқармасының өкілдері сала жұмысына тоқталды. Нақтырақ айтсақ.  10 қазаннан бастап қаладағы барлық сауда орталықтарына бақылау-машиналары орнатылмақ. Кәсіпкерлерге әуелі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда, Түркістан қаласында 10 300 жеке тұлға 52 млн теңге салығын төлемеген. Ал шаһарда 15100 дара кәсіпкер ресми түрде тіркелген. Десе де  олардың 4200 ден астамы салығын төлемеген. Қазіргі таңда оларға хабарлама жолданып, ескерту берілді.  Егер кәсіпкер ескертуді елемеген жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272, 288 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.