Мақта бағасы қашан белгілі болады? Өңірде былтырғы нарыққа сеніп іс бастаған диқандардың биылғы хәлі мүшкіл. Әзірге оның тоннасын 250 мыңнан мақта өңдеу зауыттары қабылдап жатыр. Талайды уайымға салған бұл мәселе бүгін тағы талқыланды. Ауылшаруашылығына жауаптылар не дейді? Өңірге трейдерлік компания өкілдері қашан келмек? Тілші толықтырсын.
Ала жаздай ақ алтыннан пайда көрем деп пейнеттенген шаруалардың уайымы сейілер емес. Еткен еңбек пен кеткен шығын өз өзін ақтамай ма деп алаңдаулы жұрт. Себебі биыл тыңайтқыш та, жанар-жағармай да қымбат. Ал мемлекеттен берілуі тиіс тыңайтқыштар уақытылы берілмеген.
️