Қазан айының бірінші аптасы ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұстаздар қай кезде болмасын құрметке лайық. Осыған орай, Отырарлық мұғалімдер де аудан әкімнің арнайы марапатына ие болды.
Бұл мереке басқа мерекелерден өзгерек. Себебі мұнда ең үздік ұстаздар мен өз істерінің мамандары бас қосқан. Жиында алдымен сөз алған аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.
️