Отандық өнім шығаратын цех іске қосылды деп сүйіншілеткен жаңалықтың соңынан шу шықты

351
10.10.2022 05:33

Сарыағаш ауданының әкімдігі «отандық өнім шығаратын цех іске қосылды»- деп сүйіншілеткен жаңалықтың соңынан шу шықты. Жергілікті биліктегілер электр шәйнек шығаратын цехты жұртшылыққа таныстырған. Алайда,тура соған ұқсас тауар бұған дейін интернет дүкенінде сатылып келген екен. Бұл туралы желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп жатыр.