Жыр болған Көксарай мен Шәуілдір арасындағы жолдар жөнделіп жатыр

553
10.10.2022 05:30

Түркістан-Шәуілдір тас жолының сапасы сын көтермейді. Бұған дейін жаңалықтарымызда осы мәселені көтеріп, тұрғындар күре жолдың тозығы шыққанын айтқан болатын. Ал бүгін өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы жолды қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан өзге, бірнеше аумақтың жолдары жөнделіп жатыр екен. Мәселен, Жамбыл облысы мен Түркістан облысын байланыстарын Созақ ауданындағы жол. Сондай-ақ Сауран мен Түркістанды байланыстыратын Шорнақ, Майдантал, Қарашық, Жүйнек, Қарнақ  елді мекендеріне де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы аудандарындағы елді мекендер де назардан тыс қалмады.