Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

113
16.06.2021 04:37

Маңғыстау облысында тұрғындар малға жем-шөптің орнына картон беруге мәжбүр болып отыр. Әлеуметтік желіге жариялаған видеода шаруалар бұған амалсыздан барғанын айтады. 2. КАМЕРА Өңірде биыл жауын-шашын болмай жайылымдар құрғап, жем-шөп тапшы екені белгілі. Жергілікті атқарушы орган ақпарат құралдары өкілдеріне бұл жағдайға қатысты мәлімет берген жоқ. Алайда өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік желілерде көрші облыстардан жем-шөп күнделікті жіберіліп жатқаны туралы ақпарат жариялады. Ал бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТҰрЫмов брифингте жем-шөп қорын арттыру үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңгеден аса қаражат бөлінгенін айтқан болатын.