Апатты мектептер жайы

249
10.10.2022 05:26

Еліміздің кей аймақтарында апатты мектептер жайы мәселеге айналған. Олардың қатарында Түркістан облысы да бар. Кейбір ауылдарда оқушылар үш ауысымда оқиды. Оны жауаптылар бала санының көптігімен байланыстырады. Сондай-ақ қазір мектеп мәселесіне қатысты жоспар түзіліп, жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

Бүгінде Түркістан облысында 4 апатты мектеп бар. Тағы 3 ауысымды 11 білім ошағында балалар оқуда. Бұл сала басшыларының келтірген ресми статистикасы. Десе де, ауыл аймақтағы тұрғындар мұндай көрсеткішпен келіспейді. Себебі қанша жылдық тарихы бар мектептерді былай қойғанда ресми лентасы қиылғанына жыл толмай, қирап жатқан білім ошағы бар.  Мәселен, Қазығұрт ауданына қарасты ауылдық окруктегі білім ұясы.