Ұстаз – ұлы тұлға! Ұстаздан - ұлы ғалым да, ел басқаратын басшы да, қол басқаратын көшбасшы да тәрбие мен білім алған. Білім көшінен көрініп жүрген Бәйдібекте озық білім ұясы бар. Жүзбай Жүнісбеков атындағы жалпы орта мектепте ұстаздар мерекесі қарсаңында еңбектері еселі, істері үлгілі мұғалімдер ардақталды.
2018 жылы жаңа оқу жылында пайдалануға берілген білім ордасында қазіргі таңда 40 мұғалім, 167 оқушыға білім беруде. Өздерінің ынтымағы мен бірлігін сақтаған білім ордасының ұйымшылдықтарының арқасында бүгінде түрлі жетістіктерге жетіп келеді. Өткен оқу жылында 10-оқушы грант иегері атанып, Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде білім сапасы 86,6 пайызбен алдыңғы қатардан көрінді. Әрине, жемісті жеңістің артында ұстаздар тұратыны анық. Сондай жандардың бірі – математика пәнінің мұғалімі Айгерім Мейірбекова. Тәжірибелі ұстаздың мектеп қабырғасында еңбек етіп келе жатқанына 40 жылға жуықтаған.
️