Елімізде пәтерді жалға алу құны 47 пайызға қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Тұрғын үйдің бір шаршы метрі тамызда 4029 теңге болса, бүгінде жалға алудың орташа бағасы 4612 теңге. Ең жоғары жалға алу бағасы 5611 теңге болып Алматыда тіркелген. Сонымен қатар бағаның өсуі Астана, Ақтау қалаларында да байқалады. Ал жалға берілетін пәтердің ең төменгі бағасы Қызылорда, Тараз, Жезқазған қалаларында тіркелген. Бұл ретте жалға берілетін тұрғын үй бағасының шамалы өзгеруі Түркістанда – 0,6%, Талдықорғанда – 3,5%, Шымкентте – 3,9% және Қызылордада – 4,3% байқалды.
️