Түркістан телеарнасы TÜRKSOY ұйымымен келісімге қол қойды

414
10.10.2022 04:04

Turkistan медиа холдингі Халықаралық деңгейге шықты. Бүгіннен бастап Тurkistan media холдингі Түріксой халықаралық ұйымының  ресми ақпараттық серіктестігі. Медиа холдингтің бас директоры ЖанАхмет Ағыбаев Анадолы елінің Анкара қаласында болып,  TÜRKSOY халықаралық ұйымның бас хатшысы СҰЛТАН РАЕВПЕН кездесті. Онда ақпараттық Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымымен ынтымақтастық туралы  екі жақты тарихи келісімге  қол қойды. Холдингтің құрамындағы Түркістан телеарнасы арқылы енді елімізде ғана емес, ұйым тарапынан ұйымдастырылған соңғы ақпараттар мен барлық шараларды біздің телеарнадан көре аласыздар. Айта кететін жайт Қазақстанда TÜRKSOY деңгейінде өткен шаралардың толық нұсқасын тек Turkistan телеарнасы көрсетеді.